Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыртқы істер министрлігі короновирустың өршуіне байланысты қазақстандықтарды сақ болуға үндеді

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 1395

Сыртқы істер министрлігі коронавирустың өршуіне байланысты Сауд Арабиясына қажылық сапарға аттанатын азаматтарды барынша сақ болуға үндеді. Еске салайық, 2012 жылы Сауд Арабиясында осы жұқпалы ауруға шалдыққан мыңға жуық сырқат тіркелді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, Меккеге қажылық сапар басталған бетте Қазақстанның әуежайларында бақылау күшейтіледі. Айта кетейік, 18-маусымда күллі мұсылман үшін қасиетті рамазан айы басталады. Сондай ақ, министрлік әзірге Оңтүстік Кореяға сапарлауды шегере тұрған жөн дейді. Онда аталмыш вирусты 100 шақты адам жұқтырып, сегіз науқас қайтыс болды.

Алтай Әбибуллаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, Айрвқша тапсырмалар жөніндегі елші:

Дертке шалдыққандар арасында қазақстандықтар жоқ. Дегенмен Оңтүстік Кореяда 500-ге жуық адам консулдық тіркеуде тұр. 3 мыңнан астам қазақстандық Оңтүстік Кореяда оқуда, қызметтік бапта немесе турист болып жүргенін еске салған жөн.

Мөлдір ДЮСЕКИНА