Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық HSBC банкі 55 мың қызметкерін қысқартты

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 877

Халықаралық HSBC банкі 55 мың қызметкерін қысқартты. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Сондай ақ, банк басшылығы Ұлыбританияда жүргізілген бүкіл операцияларды бөлшектеп, Түркия мен Бразилиядағы тоқырауға ұшыраған бөлімдерін жауып тастамақ. Есесіне қаржы институты Азияға ойысып, АСЕАН елдері мен Қытайдың Гуандун провинциясына басымдық беруге ниетті. 2010-жылдан бері шығыстарды қысқарту саясаты нәтижесінде банкте 40 мыңдай адам жұмыстан кетті. HSBC 1865 жылы Гонконг пен Шанхайда құрылған. 1993 жылы Midland Bankке қосылып кеткен соң бас кеңсе Лондонған көшірілді. Ал биыл банк жаңа штаб-пәтер қарастыруды бастайтынын хабарлады. Бұл мәселенің шешімі жыл соңында белгілі болмақ. Соңғы уақытта банк түрлі дау-дамай мен қаржылық алаяқтық үшін, ірі айыппұлдардан көз ашпай келеді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА