Русский Сайттың толық нұсқасы

Болашақ қауымдастығы жаңа бизнес идеялар байқауын өткізбек

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 2313

«Болашақ» қауымдастығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Старп-ап» байқауларын жариялады. Бәйге келесі аптадан басталады. Осылай деп қауымдастық кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. Айтуынша, жобаны демеушілер қаржыландырмақ. Грант мөлшері әлі нақтыланбаса да, жеке бизнес ашуға жетерлік болады, - деп сендірді Бишімбаев.

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

Бір грант болады. Жеңімпаз шамамен 10-15 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа ие болмақ. Әділ қазылар қатарында ірі бизнес иелері болатынын ескерсек, олар да қосымша ақша беруге әзір екендерін айтып қалды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА