Русский Сайттың толық нұсқасы

Белоруссияда президент сайлауы 11 қазанда өтуі ықтимал

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 1087

Белоруссияда Президент сайлауы 11 қазанда өтуі ықтимал. Бұл алдын ала болжанған мерзімнен бір айға ерте. Бұл туралы Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина хабарлады. Оның айтуынша, парламент жазғы демалысқа кеткенше, яғни маусымның отызына дейін, сайлау кампаниясы мерзімін жариялауы тиіс. Ел Президенті Александр Лукашенко, бұл жолы да сайлауға өз кандидатурасын ұсынбақ. Биыл бесінші рет саяси додаға түсуге бел буған Лукашенко «сайлау әділ әрі ашық» өтетінін айтты. Ол сондай-ақ, биліктің байқаушылар жұмысына мүлде араласпайтынын да мәлімдеп үлгерді. Сарапшылар сайлау мерзімінің ерте басталуын елдегі экономикалық қиын ахуалмен байланыстырады. Сондай-ақ билік өзгереді деп болжам жасауға негіз жоқ деген ойда.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА