Русский Сайттың толық нұсқасы

Талғат Ермегияев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 1161

Талғат Ермегияев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді. Астананың №2-ші Алматы аудандық соты оны үй қамаққа алуды санкциялады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабар таратуда. Баспасөз қызметінің дерегінше, 46 жастағы Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы, төртінші бөлімінің «б» тармағы, яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе ысырап ету» бойынша күдік келтірілген. Заңға сәйкес бұл қылмыс үшін «мүлiкті тәркiлеу және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе жауапты қызметпен айналысу құқығын» шектеу көзделеді. Сондай-ақ, бұл бап 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Еске салайық, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет басшысының тапсырмасымен ««Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Кейін ол үй қамаққа алынған еді.

Берік ХАСЕНОВ