Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда 32 жастағы келіншекті велосипедпен қағып өлтірген адам іздестірілуде

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2015
  • 1692

Таразда 32 жастағы келіншекті велосипедпен қағып өлтірген адам іздестірілуе. Белгісіз адам әйелге еш көмек көрсетпестен, оқиға орнынан ізін суытқан. Соққының қатты болғаны соншалық, зардап шегуші оқиға орнында ес-түссіз құлаған. Артынша жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, операция жасалғанымен науқас есін жимастан бақилық болады. Келіншектің қолында осы кезде бір жасар сәбиі болған. Абырой болғанда нәресте жеңіл жарақат алған. Оқиға - 6 маусым күні, кешкі уақытта Тараз қаласының дәл орталығында болған. Марқұм әйел - Таразға қонаққа келген Астана  тұрғыны болып шықты. Туыстарының айтуынша, көз жұмған келіншек Таразда іс-сапарда жүрген күйеуінің артынан бала-шағасымен келген көрінеді. Қазір Жамбыл облыстық ІІД осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал, адам қаққан күдікті 16-17 жастағы қыз бала болуы мүмкін деген дерек бар.

Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы:

1983 жылғы Астана қаласының тұрғынын қағып кету дерегі бойынша ҚР ҚК 114 бабымен «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Велосипед мінген адамды табу үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Күдікті әзірге жоқ. Марқұм әйел Орталық алаңға қарай үш баласы және күйеуімен кетіп бара жатқанда болған. Велосипед кімдікі, жалға алынған ба, жоқ жекеменшіктегі ме, ол жағы белгісіз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ