Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ Ресейге қарсы қысымды жалғыстырады

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2015
  • 971

БҰҰ Ресейге қарсы қысымды жалғыстыра береді. Бұл туралы Украинаға сапары кезінде АҚШ-тың ұлттар ұйымындағы елшісі Саманта Пауэр мәлімдеді. Ел президенті Петр Поршенкомен кездесуде Пауэр Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын білдірді. Ол осы елде Минск келісімінің жүзеге асуын қадағалайтын БҰҰ-ның кеңсесін ашуға келгенін атап өтті. Сондай ақ, Пауэр Украинаға қатысты айтылған «Үлкен жетіліктің» маңызды мәлімдемесін еске салды. Айта кетейік, 5- маусымда Қауіпсіздік кеңесі отырысында Пауэр Ресей мен сепаратистер Минск келісімін әлі күнге дейін пысқырмайтынын айтқан болатын. Өз кезегінде Петр Поршенко жан-жақты қолдаулар арқасында Украина БҰҰ-ы қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болу мүмкіндігіне үміттенетіндерін білдірді.

Саманта Пауэр, АҚШ-ның БҰҰ-ғы елшісі:

Президент Поршенкомен Минск келісімдерінің маңыздылығын талқыладық. Мен G7 саммитінде айтылған месседжді тағы еске салдым. Ресейге қарсы санкцияларды айтамын. Біз Ресейге қасым көрсетуді жалғастыруымыз керек.

Мөлдір ДЮСЕКИНА