Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысады

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2015
  • 1047

Мемлекет басшысы бүгін Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсіміне қатысады,-деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Аталған білім ордасының есігі  студенттер үшін 2010 жылы ашылған болатын. Халықаралық деңгейдегі университет құру жобасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты. Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған заманауи ғылыми инфрақұрылымы бар үздік ЖОО болуды мақсат еткен. Биыл мұнда алғашқы түлектер қолына диплом алмақ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА