Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяда таяушығыс респираторлық синдромы (MERS) коронавирусы құрбандары саны он алтыға жетті

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2015
  • 1421

Оңтүстік Кореяда Таяушығыс респираторлық синдромы (MERS) коронавирусы құрбандарының саны артуда. Бұл дертке шалдыққан адамдардың қатары бүгінде 150-ге жетті. Ренхап агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, аталмыш ауруды жұқтырған тағы бір адам жексенбіде көз жұмған. Сөйтіп, бұл елде қауіпті дерттен қайтыс болғандардың жалпы саны 16 адамға жетіп отыр. Бұл жөнінде Кореяның денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған. Олардың мәліметіне сай вирус жұқтырған 17 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ел билігі індеттің одан әрі таралмауына күш салып, қажетті шараларды қолға алған. MERS вирусына шалдыққандармен қарым-қатынаста болған 5 мыңнан астам адам бақылауға алынды. 2 мыңдай мектеп пен балабақшалар жұмысын тоқтатқан. Таяушығыс респираторлық синдромы (MERS) коронавирусының алғашқы белгілері аса байқалмайды. Әзірге бұл дертке қарсы вакцина да, препараттар да табылған жоқ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА