Тбилисидегі
тасқыннан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жөнінде
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады, - деп жазады
Интерфакс Қазақстан. Тбилисидегі су
тасқыны қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Тағы 24 адам із-түссіз кеткендер
қатарында. Осыған орай, 15-ші маусым Грузияда қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы елдің
премьер министрі Ираклий Гарибашвили үкіметтің шұғыл отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс. Грузия Ішкі істер
министрлігінің өкілдері табылған бірнеше көліктің ішінде жоғалған азаматтар
болмағанын мәлімдеді. Апат салдарынан шахардың инфрақұрылымына айтарлықтай
зақым келді. Бірнеше ондаған отбасы баспанасыз қалды. Сондай-ақ,
Тбилисидегі хайуанаттар бағы да тасқыннан зардап шекті. Көптеген жануарлар
қырылған, оннан астам жыртқыш аң қашып кеткен. Жануарлар қала тұрғындары үшін
қауіпті болғандықтан атылуда.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ