Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда құлап қалған жатақхананың тұрғындарына пәтер кілті табыс етілді

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2015
  • 1194

 Атырауда апатты жатақхана тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Олар «Нұрсая» шағын ауданында салынған 240 пәтерлік жаңа үйден баспаналы болды. Су жаңа пәтерлерге Мұса Баймұханов көшесіндегі №39 үйдің далада қалған 65 отбасы орналастырылады. Сондай-ақ, бұл үйге балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедектер де қоныстанады. Бұған дейін апатты үйде тұрған адамдардың қуанышында шек жоқ. Олар енді коммунициялық желі тартылған жаңа үйдегі пәтерлерде өмір сүретініне дән риза.

Ақжамал Құбақаева:

Апат болған жағдаймен бізге жағдайымызды шешіп берді. Облыс, қала әкімі көп рахмет. 1 қатарда тұратын едім, 3 қатарға шықтым. Қуаныштымын.

Еске салайық, 31 мамырда қаладағы Баймұханов көшесінде орналасқан апатты жатақхананың бір кіреберісі опырылып түсті. Салдарынан тұрғындар баспанасыз қалған болатын. Оқиға орнынан 140 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ