Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысы аңшылары Қазақстандағы көктемгі аң аулау маусымына салынған тыйымға наразы

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2017
  • 4473

Маңғыстау облысының аңшылары көктемгі аң аулау маусымына тыйым салынуына наразы. Олардың ойынша, қанаттылардың азаюына құстарды ату емес, экология себеп. Бұл туралы әуесқой аңшылар Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда айтты. Бастамашы топ - «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі республикалық қауымдастығы. 16 ақпанынан 14 маусымына дейін көктемгі аң аулау маусымына тыйымды Ауыл шаруашылығы министрілігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті салған болатын. Бір аңшыға тәулікте бес қанаттыға дейін атуға шектеу қойылды.

Андрей Тищенко, «Қансонар» аңшылар ҚБ республикалық қауымдастығының облыстық өкілдік директоры:

Мүмкін, аңшылар жануарлар дүниесінен  300-ін атып алған шығар, бұл  барлық квотаның 1 пайызы ғана.  Өте аз. Осы арқылы көктемгі аң аулау маусымына тыйым салу, менің ойымша, еліміздегі жануарлар әлеміндегі бұдан өзге маңыздырақ мәселелерден көңіл аударту сияқты көрінеді.

Ал экологтар болса, қанаттылардың санының азаюына  бір емес, бірнеше себепті атап отыр. Оның ішінде құстарды атумен қатар, ауаға мұнай қалдықтарының тасталуы да бар. Сондықтан жан-жануарларды қорғаушылар әуесқойларға құсты өздерінің өсіруіне кеңес берді.

Әділбек Қозыбақов, «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығының басшысы:

Егер біздің аңшылық шаруашылық  құс өсірумен айналысса, мен өздері өсірді,  өздері атты, өз құқықтары деп ойлар едім.  Ал бұл жағдайда, аң аулайтын алқапқа, ресурстарға бай емес Қазақстанда, соның ішінде біздің облыста тыйым салыну дұрыс деп есептеймін.

Талқылауда әуесқой аңшылар мен билік өкілдері ортақ мәмілеге келе алмады. Тараптар өз ұстанымдарында қалды. Дегенмен, жиын қорытыныдысы бойынша хаттамаға қол қойылып, орман шаруашылығы комитетіне жолданатын болады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ