Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойын атап өтуде

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2015
  • 2309

Ақтөбеліктер Кеңес Одағының батыры, Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Салтанатты шараға жиналғандар әуелі Ақтөбедегі аты аңызға айналған батыр қыз Әлияның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Монумент алдындағы алаңда бас қосқан ержүрек арудың ет жақындары, ардагерлер мен әкімдік өкілдері батыр ерліктерін еске алды.

Әлия Молдағұлованың есімі - қазақстандықтар үшін зор мақтаныш. Ұлы Отан соғысы тарихындағы оның алар орны да айрықша. Бүгінде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің құрамында болған қалалардағы бірнеше көше батыр қыздың есімімен аталады. Әлияға арналған әндер, поэмалар мен өлең жырлары да көп. Молдағұлованың есімін ұлықтауға арналған шара 18 маусымға дейін жалғасады. Ақтөбе облыстық мұражайы Әлияның отты жылдардағы ерлігі жайында арнайы көрме ұйымдастырған. Ал батыр қыздың құрметіне арналған негізгі іс-шара оның кіндік қаны тамған ауылында өтеді.

Ғалымжан Байдербес, Әлия мен Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоғамдық қорының жетекшісі:

19 жастағы Әлия осылайша ұлттың рухы болып қалды тарихта, сондықтан да осындай үлкен мерекеде елінің, халқының жүрегіне жол тапқан адамды әр уақытта да құрметтеуіміз керек.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ