Есеп
комитеті «EXPO-201» көрмесіне бөлінген қаржының жұмсалуын тексермеген. Бұл
туралы кеше өткен Сенат отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында Комитет
төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді. Оның айтуынша, Есеп комитеті алдын
ала белгіленген жоспарға сай жұмыс істейді. Ал EXPO-ға жұмсалған қаражатты
тексеру жоспарда болмаған.
Қозы-Көрпеш
Жаңбыршин, ҚР Есеп Комитетінің төрағасы:
Кейде
Мемлекет басшысы немесе Президент әкімшілігінен белгілі бір себептермен арнайы
тапсырмалар түседі. Сол тапсырмаларды орындау мақсатында біз тексере аламыз.
Бірақ осы уақытқа дейін ондай тапсырма түскен жоқ.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ