Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан Үкіметі шетел көліктерінен экологиялық салық жинау нормасын қайта қарауға ниетті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 979

Қырғызстан Үкіметі шетел көліктерінен экологиялық салық жинау нормасын қайта қарауға ниетті, - деп жазады Tengrinews.kz. Жеңіл көліктерге 17 доллар, ал шағын автобустарға 42 доллар салық салу Қырғызстанға келетін көлік ағымына шектеу қойғаны белгілі. Бұл ереже туристік ахуалға кері әсерін тигізді. Елдің вице премьері Абдырахман Маматалиев аталған мәселені бір аптаның ішінде шешуді тапсырды. Оның айтуынша, туристтердің басым бөлігі Қазақстан мен Ресей азаматтары. Демалушылар Ыстықкөлге жеке көліктерімен немесе шағын автобустармен келеді. Бұған қоса, вице-премьер бақылау бекеттеріндегі жағдайды да реттеуді талап етті. Еске салсақ, шетел көліктерінен экологиялық салық ұстау үрдісі 12 мамырдан бастап күшіне енді. Жаңашылдықты енгізу арқылы Қырғыз Үкіметі бюджетке қосымша 20 млн АҚШ долларын құямыз, - деп күткен еді.

Әсем  МҰХИТОВА