Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда аптап ыстықтан 780-ге жуық адам ауруханаға түскен

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 1355

Жапонияда аптап кесірінен 780-ге жуық адам ауруханаға түскен. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады. Соңғы бір аптаның ішінде ауа температурасы +30-дан жоғары болғандықтан, Жапонияда адамдар жаппай дәрігерлерге жүгінген. Әсіресе, Токио, Осака қаларынан, Саитама, Хёго, Аити және тағы басқа префектуралардан науқастар түскені хабарлануда. Қазіргі күні Жапонияның басым бөлігінде ыстық басылып, жауын-шашынға ұласты. Елдің  басты метрологиялық агенттігі ылғал сағатына 50 миллиметр жылдамдықпен жауады, - деген болжам жасауда. Осыған орай енді сел және тасқын қаупі төнгенін хабарлауда.

Берік ХАСЕНОВ