Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО жол апатынан он үш адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 1276

Шымкентте  ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. «Мерседес-спринтер» маркілі шағын автобус ауыр жүк көлігіне барып соқтығысқан. Салдарынан  он үш адам қайтыс болды. Олардың тоғызы оқиға орнында  тіл тартпай кетті.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік  тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

Екі автокөлік бір бағытта келе жатқан. Сол автокөлікті айналып өтемін деп, ХОВО автокөлігіне соққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан болған оқиға жерінде тоғыз адам қаза болды. Оның жетеуі - әйел азаматшалар. Тұлғалары анықталмаған қазіргі таңда және де 10-12 жастағы шамамен баланың мәйіті. Ал тоғызыншы азаматтың тұлғасы анықталған, ол Өзбекстан республикасының азаматы болып отыр.

Көлік апаты Шымкентке кіре берістегі айналма жолдың маңында, май құю бекетінің тұсында болды. 12 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бірақ олардың төртеуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Медициналық көмек алып жатқандардың үшеуі - жасөспірімдер. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзова осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде. 21 жолаушысы бар шағын автобустың Тараз қаласынан Шымкентке бет алғаны белгілі болып отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ