Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асатын әлеуметтік нысандар құрылысы депутаттардың алаңдаушылығын туғызды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 1107

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысының мерзімі мен қаржының игерілу жайы депутаттардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы комиссиясының отырысы болып өтті.

2015 жылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Ұлттық қордан 34 мектеп пен 17 балабақшаның құрылысын бастауға қаражат бөлінді. Алайда білім ошағына қатысты бес өңірде 14 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу аяқталмаған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам ауданының Қарабұлақ кеңшарында Бірлескен жоспар әрекетінің түзетілуіне орай байқау әлі жарияланбаған. Ал балабақша құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу тек үш өңірде ғана аяқталды. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы, Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласы мен Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қаласында жүргізілетін балабақшалар құрылысы.

Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Елбасы жолдаудың орындалуын қадағалауды партияға тапсырды. Біз бұл жұмысқа бірінші күннен бастап кірісіп кеттік. Ең бірінші Мәжілістегі фракция депутаттары, аймақтардағы мәслихаттардағы депутаттар тиісті төрт бағытта комиссия бекітіліп, тиісті қаражат әрбір аймаққа бөлінді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ