Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мүрси өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 1258

Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мүрси тыңшылық жасады және мемлекет мүддесін сатты деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Мысырдың қылмыстық соты экс-президентпен қатар, «Мұсылман бауырлар» саяси партиясының 3 лидеріне өлім жазасын кесті. Сот аталған ұйымның бас сауғалап қашқан 13 мүшесіне қатысты да сырттай ең қатаң жаза кесіп отыр. Сатқындық пен тыңшылық жасау, және 2011 жылғы қаңтар көтерілісі кезінде түрмеден жаппай қашу оқиғасына қатысты даулы істі сот 16 ай қарады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ