Русский Сайттың толық нұсқасы

SCAT әуекомпаниясы: «Ақтау әуежайындағы ұшақтың өртенуіне газ жүйесіндегі ақаулық себеп болуы мүмкін»

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1313

Ақтау халықаралық әуежайында өртке оранған Боинг-747 ұшағына қатысты, Скат әуекомпаниясы алдын-ала болжам жасады. Олар «апаттың шығуына көліктің газ жүйесіндегі қандай бір ақаулық себеп болуы мүмкін», - деп отыр. Бұл жайында аталған әуекомпанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Ульяноваға сілтеме жасап, Интерфакс хабарлайды. Кеше кешкісін Ақтау халықаралық әуежайындағы ұшу-қону алаңында тұрған ұшақ өртенді. Әуе көлігі жергілікті уақытпен 18:18-де Астанадан ұшып барған болатын. Ол техникалық тексерістен өтіп, келесі сапарға аттану үшін ұшу-қону алаңына жеткізілген. Араға аз-кем уақыт салып, ұшақтан өрт шыққан. Қызыл жалынды әуежайдағы күш құрылымдары мамандары өшірді. Төтенше жағдай кезінде бортта жолаушылар да, ұшқыштар да болмаған.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА