Русский Сайттың толық нұсқасы

Грузия толассыз жауған жаңбырдан зардап шекті

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1182

Грузия астанасында толассыз жауған нөсер салдарын жою кезінде, табиғат апатының тағы бір құрбанының мәйіті табылды. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, жас қыздың мүрдесі хайуанаттар бағы маңынан аршылып алынған. Бұған дейін осы жерден тағы екі адамның денесі мәйітханаға жеткізілген болатын. Іздеу жұмыстарына барлық мекемелер, құтқарушылар мен жүздеген еріктілер жұмылдырылған. Зардап шеккендер саны артып отырғанын ресми орындар растады. Бұған дейін Үкімет жанындағы дағдарысты басқару және қауіпсіздік кеңесі өкілдері «қайтыс болғандардың саны 15, ал 7 адам із-түссіз» деп хабарлаған еді.

Еске салсақ, толассыз жауған жаңбырдан соңғы селден қаладағы хайуанаттар бағын шайып кетті. Ел астанасының мэрі Давид Нармания хайуанаттар бағы қайта салынатынын, ал оған дейін жан-жануарлар қала сыртындағы зообаққа көшірілетінін айтқан еді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ