Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО ірі жол апатынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1430

Шымкентте ірі жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың саны 14 адамға жетті. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабар таратты. Олардың дерегінше, «Меrsedes sprinter» шағын автобусында жүргізушіні қосқанда 21 адам болған. Оның бесеуі балалар, ал екеуі Өзбекстан азаматтары. 8 адам, оның ішінде 1 бала оқиға орнында көз жұмса, қалған 13 адам ауруханаға жеткізілген. Соңыра тағы 6 адам емдеу мекемесінде қайтыс болды,-делінген ақпаратта. Бүгінде олардың барлығының жеке басы анықталды. Еске салайық, кеше түс мезгілінде Шымкентке кіре берістегі айналма жолдың бойындағы май құю бекетінің тұсында ірі жол көлік апаты болды. Оңтүстік Қазақстан Облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзова осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 21 жолаушысы бар шағын автобустың Тараз қаласынан Шымкентке бет алғаны белгілі болып отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ