Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеше кешкісін «Астаналық» базарда болған жаппай төбелес салдарынан 18 адам қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1190

Кеше кешкісін «Астаналық» базарда болған жаппай төбелес салдарынан 18 адам қамауға алынды. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі Істер департаментінің өкілдері хабарлады. Бұл видеоны оқиға орнында болған куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Ел арасында «Артем» аталып кеткен базардағы төбелестің шығуына қайыр тілеп жүрген әйел мен сауда орнының күзетшісі арасындағы кикілжің себеп болған. Алматыдан Астанаға үш баласымен келіп, қайыр тілеп күн көретін екінші топтағы мүгедек әйел кіреберістегі күзетші әйелмен сөзге келіп қалған. Оқиға куәгерлері араша түспек болып, оның соңы жаппай төбелеске ұласқан. Ізінше полиция жасағы 18 адамды қамауға алды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккендер мен мүлік шығыны тіркелген жоқ, - деп хабарлайды. Оқиғаға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

София Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Өтіп бара жатқан адамдар соның маңына жиналып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге келген полиция жасақтарына дау-дамай туындаған белсенді қатысушылар бағынбаған. Полиция аталмыш оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән- жайды анықтау үшін ұстады, олардың ішінде мас күйінде де тұлғалар болған.

Мөлдір ДЮСЕКИНА