Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ мен Ақүй Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мүрсиге өлім жазасы кесілгеніне алаңдаушылық білдірді

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1443

БҰҰ мен Ақүй Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мүрсиге өлім жазасы кесілуіне қатысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Рейтерс. Ресми Вашингтон соттың бұл үкімінде «саяси астар бар» десе, БҰҰ бас хатшысы ұйымның өлім жазасына түбегейлі қарсы екендігін қайталады. Мүрсиге өлім жазасын кесу туралы шешімді Брюссель де сынап отыр. Еуропалық Одақтың елшілік басшысы Федерика Могерини Мысыр экс президентіне кесілген жазаның қайта қараларынан үмітті. Ал, Түркияның Анкара мен Стамбул қалаларында жүздеген адам сот шешіміне наразылық білдіріп көшеге шықты. Мысыр елшілігі ғимараты жанына жиналғандар сот шешімін қайтарып алуды талап етуде. Олар Мүрси президенттікке Мысыр халқының басым даусын жинап, заңды түрде сайланды деп есептейді. Еске салайық, Каир қылмыстық соты 2011 жылы түрмеден қашу фактісі бойынша Мұхаммед Мүрсиді өлім жазасына кесті. Бұған дейін ол тыңшылық жасады және мемлекет мүддесін сатты деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ