Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күнін тамашалауға Елордаға жарты миллионнан астам адам келеді деп күтілуде

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1290

Биыл Астана күнін тойлау барысында қала тұрғындары мен қонақтарына көптеген тың бағдарламалар ұсынылады. Мерекеге орай қалада республикалық және халықаралық деңгейдегі 70-тен астам шара өтеді. Оларға жарты миллиондай адам келеді деп күтілуде.

Елорданың 17 жылдығын мерекелеу Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды айтулы даталар негізінде өрбімек. Астана мерекесі 4 шілдеде Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімінен басталады. Алайда, түрлі мәдени шаралар дәстүр бойынша маусымның 22-нен бастау алмақ.

Қаланың ең үздік концерттік алаңдарында түрлі жанрдағы бағдарламалар мен отандық және шетелдік әртістер өнер көрсетеді. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шараларды мейлінше қолжетімді қылу мақсатында шараларды саябақтарда, гүлзарлар мен алаңдарда өткізу қарастырылған. Бұдан өзге елорданың барлық сауда орталықтарында «17 пайыздық жеңілдік» акциясы өткізіледі. Тың мерекелік шаралардың бірі Есіл өзені жағалауындағы лазерлік шоу болмақ.


Берік ХАСЕНОВ