Русский Сайттың толық нұсқасы

Сириялық босқындар Рамазан айына әзір емес екендерін айтып, ашынады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1320

Сириялық босқындар қасиетті Рамазан айын елден жырақта қарсы алғанымен, туған жерде бейбітшілік пен тұрақтылық орнауын сұрап дұға тілеуде. Мыңдаған босқын қантөгістен қашып, елден кетуге мәжбүр болған. Қазіргі жағдайлары мүшкіл. Азық-түліктері таусылғандықтан «айлардың сұлтаны Рамазан айына дайындық жоқ» деп ашынады. Еске салсақ, Сирияда 4 жыл бойына соғыс жалғасып жатыр. Миллиондаған тұрғын баспаналарын тастап, өзге елден пана іздеуде. БҰҰ келтірген деректеріне сай, осы уақыт аралығында 400 мың сириялық бақилық болған.

Қасиетті Рамазан айына дайын емеспіз. Азық-түлік, суымыз жоқ. Оған қосы аптап ыстық ораза ұстауға қиыншылық тудыруда. Балалар жиі ауыратын болды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА