Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы білім бөлімінің есепшілері «ақша бопсалады» деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1176

Қызылордада қалалық білім бөлімінің бас есепшісі мен есепшісі «ақша бопсалау» дерегі бойынша күдікке ілінді. Олар аз қамтылған отбасылардың балалары мен бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуі тиіс кәсіпкерлерден пайда көріп келген. Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады. Аталған департаментке қарасты басқарма басшысының орынбасары Руслан Ягмусовтың дерегінше, мемлекеттік сатып алу конкурсында тендерді жеңіп алған кәсіпкерлер аударылған ақшаның 10-15 пайызын жүйелі түрде есепшілерге берген. Қаржыны заңсыз иеленген есепшілер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, пара берген 10 кәсіпкер де заң алдында жауап береді.

Руслан Ягмусов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚА облсыстық департаменьі басқарма басшысының орынбасары:

Қазір аталған қылмыстық істі тергеу аяқталды.  Пара алушыларға көмектескен, пара беруге қатысы бар 10 кәсіпкер анықталды. Бүгінде іс сотқа жолдануға әзір.

Шәрипа САҚТАПОВА