Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық кәсіпорын қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 440 мың теңге айыппұл төледі

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1080

Павлодардағы химиялық кәсіпорын қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 440 мың теңгедей айыппұл төледі. Бұл ақпаратты облыстық экология департаменті таратты. Мекеме дерегінше, «Каустик» АҚ төтенше оқиғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті соманы толықтай өтеген. Еске салсақ, мамырдың 31-і күні «Каустик» кәсіпорнында сұйық хлордың төгілу дерегі тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, химиялық заттың жайылуы тек цехтың ішінде болған. Сол кезде мамандар төгілген хлордың көлемі 200 келідей деп болжаған еді. Дер кезінде жүргізілген жедел әрекеттің арқасында улы зат сыртқа тарап үлгермеген. Дегенмен, оқиға орын алған аумақ бақылауға алынып, ауа құрамындағы хлор мөлшерін анықтау мақсатында арнайы сараптама да жүргізілді. Апаттан ешкім зардап шекпеген.

Әсем МҰХИТОВА