Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Астанадағы кемшіліктер міндетті түрде шешіледі

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1408

Астанада көлік тұрағының тапшылығы жойылып, су сорғыш кәріз жүйелерінің жұмысы міндетті түрде ретке келтіріледі. Бүгін «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу және жобалау институтының жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді. Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер таныстырылды.

Сондай-ақ астаналық агломерация қалыптастыру жобасы мен елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы да баяндалды. Бұдан бөлек жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және «Нұрлы жол» гүлзарының екінші кезеңінің жүзеге асырылу жобасы туралы да айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Қандай кемшіліктер бар екенін, соның ішінде көліктер тұрағына қатысты мәселе туралы да білеміз, оның бәрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын су сорғы кәріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де назар аудару керек. Қаланың әрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жаңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ