Русский Сайттың толық нұсқасы

«Tengri Travelsystem» компаниясынан зардап шеккен туристердің соңғы легі бүгін елге жеткізіледі

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 1229

Қазақстандық туристерді тентіретіп жіберген «Tengri Travelsystem» компаниясының басшысы Роман Хванға іздеу жарияланды. Бұл жайында біздің арнамызға Инвестиция және даму министрлігі Туризм департаменті өкілдері хабарлады. Белгілі болғандай, атышулы іске байланысты тергеу амалдары әлі жүріп жатыр. Бүгін Air Astana әуе компаниясы туристік оператордың кесірінен Түркиядан қайта алмай отырған отандастарымыздың соңғы легін елге жеткізбек. Естеріңізге салсақ, 3-маусым күні Travelsystem туроператоры банкротқа ұшырағанын мәлімдеген болатын. Салдарынан 1 мыңдай қазақстандық зардап шекті. Түркияға демалуға барған отандастарымыз ол жақтағы қонақ үйлерден қуылған болатын. Ал туристік компания шамамен 7-8 млн доллар шығынға ұшырағандықтан қызметін тоқтатқаны жайындағы  ақпаратты ресми сайтында жариялаған. Travelsystem-ның  Air Astanа және Скат әуе компанияларының алдында қордаланған қарызы да миллиондап саналады. Турфирма басшысы болса, Еуропаға қашып кетіп, бой тасалап жүр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА