Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің 100 нақты қадам бағдармаласын Солтүстік қазақстандық дәрігерлер тиімді қолдануда

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 956

Солтүстік Қазақстандық дәрігерлер, медицина мекемелерінде ұжымдық басқару жүйесін енгізуге дайын. Бұл мәселе мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бағдарламасында көтерілген еді. Бүгінде облыстық аурухана жаңа жүйені қолданысқа енгізген. Байқаушылар кеңесі, медициналық құрылғыларды сатып алу, қаржыны бөлу, тоқсан сайын жұмысты жүйелеп, жоспар түзу сынды стратегиялық маңызды шаруаларды қадағалап отырады. Кеңес мүшелерінің бас дәрігерден өзгесінің ауруханаларға қатысы жоқ. Дәрігерлер ұжымдық басқару жүйесі өте тиімді деп санайды. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген елдерде компанияларда Директорлар кеңесі бар. Осы оңтайлы тәжірибені неге денсаулық сақтау саласында қолданбасқа деп санайды, аурухана ұжымы. Сонымен қатар медицина қызметкерлері, жеке емдеу орындарының дамуын да қолдап отыр. Ол бәсекелестікке жол ашады.

Юрий Белоног, Солтүстік Қазақстан облысы ауруханасының бас дәрігері:

Біздің аурухана ұжымдық басқарудың бірінші кезеңінен өтті, нәтиже жаман емес. Осы бағытта алдағы уақытта да жұмыс істейтін боламыз. Бұдан бөлек экономикалық кеңес те бар. Жалақы төлеу, жұмыс кестесі сынды мәселелерді осы кеңес талқылайды. Оның құрамында қаржыгерлер, өзім және орынбасарларым да бар. Өте тиімді әдіс.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ