Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің төрағалығымен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі кеңес өтті

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2017
  • 2570

Бүгін Ақордада президенттің төрағалығымен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі кеңес өтті. Оған осы саладағы барлық орган басшылары келді. Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етуді және оны сапалы жүргізу қажеттігін айтты. Жиында қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру мәселесі қаралды. "Ол қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру, қылмыс процесіндегі жарыспалылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын болдырмау және оларды нақты бөлу", - деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жұмыс барысында барлық органдар бірігіп жұмыс істеген кезде, халық наразылығын тудырмайтын заң бойынша жұмыс істеу, тексеру мәселесін жеңілдетіп, бірақ заң шеңберінде жұмыс істеуіміз керек.