Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық кейбір мейрамханалар табыстарын жасырып, салық төлеуден жалтаруда

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 1259

Астанада кейбір мейрамханалар іс жүзіндегі табыстарын жасырып, мемлекет қазынасына салық төлеуден жалтарып отыр. Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері тамақтану орындарының табыс есебін тексеру барысында 189 заң бұзушылықты анықтады.

Шағын орта бизнес нысандарына тиісті шаралар қолданудың арқасында мемлекет қазынасы 52 млн 200 мың теңгеге толықты. Мамандардың сөзінше, кәсіпкерлер екі бірдей есеп жүргізетін көрінеді. Оның бірі іс жүзіндегі табыс болса, екіншісі қағаз жүзіндегі көрсеткіштер. Есеп құжаттарында табыс мөлшері төмен, ал жұмысшылардың жалақысы керісінше жоғары көрсетілген. Алдағы уақытта тамақтану орындарынан бөлек, киім сататын бутиктер мен сән салондары тексерілмек.

Данияр Әлімқожаев, ҚР Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы:

Мысалы, бүгінгі күні Астана қаласында «Меззо», «Джаз Тайм Паб», «Перрон» мейрамханаларында тексеріс жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ