Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана ЭКСПО 2017» АҚ бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталғандар қатары тағы бір адамға толықты

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 1265

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталғандар қатары тағы бір адамға толықты. Топ құрамында алдын-ала сөз байласып, 214 млн теңге бюджет қаржысын жалған кәсіпкердің есепшоты арқылы жымқыруға қатысты деген күдікпен компанияның басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев ұсталды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске салсақ, бұған дейін «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев дәл осындай айыппен ұй қамаққа алынған еді. Қазір жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұлттық компания басшылығы жымқырған қаржы көлемін анықтап жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ