Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Астанадан Астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы сапарға аттанды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2015
  • 1504

Бабалар рухына тағзым. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Астанадан Астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы Орал қаласынан сапарға аттанды. Тарихшылар мен өлкетанушылардан жасақталған экспедиция Орал-Атырау-Сарайшық-Орда-Орынбор бағытында сапарлап, тың деректер жинайды, жергілікті тұрғындармен кездеседі. Экспедиция қатарында Ресейдің Мәскеу, Орынбор, Самара, Астрахань қалаларының ғалымдары да бар. Бұл сапардың «Астанадан Астанаға» деп аталуы тегін емес. Өйткені, сапар - қазақ халқының бір кездері астанасы болған Орынборда аяқталады. Сондықтан, ұмыт қалған кей деректерді қайта жаңғырту көзделіп отыр. Бұл шаһарда қос елдің ежелгі достығын ту еткен халықаралық шара өткізілмек.

Жайсаң Ақбай, өлкетанушы, тарихшы:

Қазақ хандығының қалыптасқан жері - Батыс Қазақстан, Еділ менен Жайықтың сағасы. Жәнібек, Керей осы жерде, Асан Қайғы, біз қазақ хандығының идеологы деп есептейміз Асан Қайғыны. Мына қазақ хандығы түрлі жағдайларға байланысты, әсіресе, сыртқы жаулардың әсерімен оңтүстікке көшті. Бірақ, қазақ хандығы бұл жерде құрып кеткен жоқ. Қазақ хандығын қалыптастырғандар осы жерде қалды. Енді экспедицияның осы жерден ұйымдастырылуы өте орынды, өйткені, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау осы жерден басталады деп есептейді.

Еркін КАРИН