Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында 76 жастағы тұрғыннан қару-жарақ тәркіленді

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2017
  • 2703

Қостанайлық полицейлер 76 жастағы тұрғыннан 7 тапанша мен екі мылтық тәркіледі. Зейнеткер қару-жарақты заңсыз сақтап келген. Қазір қарияға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ирина Беженарь, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Күдікті Киев көшесінің бойында көлігімен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Ал, оның үйін тінту барысында полицйелер заңсыз айналымдағы қару-жарақтар мен оқ-дәрілер тәркіледі. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287 бабы 3 бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер  қарияның үйінен қару-жарақпен қатар, алты жүзге жуық оқ және бірнеше аңшы пышағын тапқан. Ол енді 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, түзету жұмысына тартылады. Не 5 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Оны сот шешетін болады. Қостанай облысының сақшылары биыл заңсыз 540 қару тəркілеген. 800 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.