Русский Сайттың толық нұсқасы

Travelsystem-нің кесірінен тентіреген туристер толығымен елге жетті

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2015
  • 977

«Travelsystem» Түркияда тентіреткен 2 мыңға жуық турист елге оралды. Жазғы демалысының шырқы бұзылған саяхатшылар оралысымен өздерін де өзгені де тақырға отырғызған турфирманы сотқа беруге кірісті. Тұтынушылар жолдамаға жұмсалған қаражатты қайтаруды сұрап отыр. Бұл туралы біздің арнаға Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының ресми өкілі Денис Кривошеев мәлімдеді. Оның айтуынша, компания кесірінен туристер 4,5 миллион АҚШ доллары көлемінде шығынға батқан. «Туристік операторлар арасында мұндай келеңсіздіктер қайталанбас үшін, қолданыстағы Заңнамаларға  өзгерістер енгізу қажет», - дейді қауымдастық өкілі.

Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының ресми өкілі:

Сақтандыру компанияларының қорында қазір 300 млн теңге бар. Бұл 2 млн АҚШ долларын құрайды. Туристерге қайтарылатын қаражаттың жартысын сақтандыру агенттігі жартысын сақтандыру компаниясы өтейді.  Бұл тез арада шешілетін мәселе. Өйткені Жоғары соттың шешімі бар. Ең бастысы - барлық нарық Заңнаманы өзгерту қажет және туристік нарықтағы ойын ережесін ауыстыру керек деген ұйғарымға келді. Менің ойымша, «Тревел системге» байланысты жағдайлар қайталанбас үшін жақын айларда бұл мәселе орындалады.

Еске салайық, 3-маусымда «Travelsystem» туроператоры банкротқа ұшырағанын жариялады. Компания қонақ үй ақысы мен кері билет бағасын төлемегендіктен, Түркияда 2 мыңға жуық саяхатшы далада қалды.

Айгүл ЕРМАХАН