Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік бейімдеуге мемлекеттік органдар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар да атсалысуы керек

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1944

Жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік бейімдеуге мемлекеттік органдар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар да атсалысуы керек. Бүгін Мәжілісте  «Жазасын өтеп шыққан қылмыскерлерді әлеуметтік бейімдеу  және интеграциялау» мәселесі қаралды. Елімізде жылына шамамен 10 мыңнан астам адам түрмеден босап шығады. Соның 10 пайызы ғана әлеуметтік бейімдеу орталықтарының көмегіне жүгінеді екен. Ал, осы салаға жауапты министрліктер арасында ведмствоаралық байланыс әлсіз. Бүгінде Мәжіліс еріксіз тілмәш рөлін атқарып отырған сияқты, - дейді кейбір депутаттар.  

Мөлдір Бақытқызы, тілші:

Былтыр Қазақстанда 11250 адам түрмеден босап шыққан. Соның 1218-і еңбекпен қамту және әлеуметтік бейімдеру орталықтарына барып тіркеліп, 744-і жұмысқа орналасқан.  Бұл көрсеткішке Ішкі істер министрлігі өкілдерінің көңілі көншімейді. Бұдан бұрын құзырлы орган әр облыста жазасын өтеп шыққандарды бейімдейтін жеке дара орталық ашуды ұсынған. Жергілікті әкімдіктер ішінен мұны тек Павлодар мен Шымкент қолдапты. Ал, басқа аймақтарда бұрынғы сотталғандар, тұрақты мекені жоқ азаматтармен, яғни қаңғыбастармен бірге бір орталыққа жіберіледі. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, түрмеден босап шыққандарды тиісті органдарға тіркеуден өтуге шақырады. Әйтпесе, мемлекет тарапынан көмек қолын созу мүмкін емес, - дейді.

Қылмыстар санаты бойынша сотталғандардың 27 пайызы кісі өлтіргені үшін, 24 пайызы ұрлық, тонау, 18 пайызы есірткі, 10 пайызы дене жарақаты, 8 пайызы зорлау , 7 пайызы сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін түрмеге тоғытылған. Сотталғандардың көпшілігі, темір тордан денсаулығы құлдырап, қауіпті дерттерді жұқтырып шығады. «Мемлекет ол азаматтарды қаржы бөліп талай жыл асырап сақтайды. Сондықтан қоғамға ауру-сырқау, адамдардың керегі жоқ.  Жазасын өтеушілерді түрмеде отырған кезден бастап, еңбекке бейімдеуді қолға алған жөн», - дейді Айткүл Самақова.

Мөлдір Бақытқызы, тілші:

Айта кетейік, Қазақстанда  сотталып шыққандарды қайта даярлап оқытатын 47 колледж бар. Тағы бір мәселе, Мемлекет бір ғана жазасын өтеушіні асырап сақтауға жылына 687 мың теңге жұмсайды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА