Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тәртіп сақшысының өліміне байланысты полиция күніне орай жоспарланған мерекелік шаралар болмайтын болды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1261

Әріптестерінің өліміне байланысты, павлодарлық полиция кәсіби мерекеге орай жоспарланған думанды шаралардан бас тартты. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Сәуле Мусинова айтты. Бүгін павлодарлық полиция ұжымы қызмет бабында қаза тапқан сақшыларға арналған алаңға жиналып, әріптестерінің рухына тағзым етті. Биылғы кәсіби мереке қарсаңында керекулік тәртіп сақшылары қаралы жағдайға тап болды. Еске салсақ, қайғылы оқиға 21-маусымда кешкісін Усолка мөлтек ауданындағы полиция учаскесінде болды. Жас мөлшері 30 шамасындағы сақшының денесі Павлодардағы  №15 полиция пунктінен табылады. Бүгінде бұл ауыр қылмысқа қатысты күдікті құрықталды. Алдын ала тергеу ақпарына сәйкес, қолға түскен азамат бекетке сақшының тапашасын иемдену мақсатында келген. Айта кету керек, бұл облыстағы соңғы жиырма жылда жұмыс барысында мерт болған оныншы полиция қызметкері.

Әсем МҰХИТОВА