Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция Еревандағы ереуілді тарқатуға кірісті

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 972

 Полиция Еревандағы ереуілді тарқатуға кірісті. Олар Армения астананасы орталығындағы Маршал Баграмян даңғылындағы ереуілшілерді санаулы минуттарда тарқатып жіберді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еске салсақ, наразылық акциясы электр энергиясының жаңа тарифіне қарсы ұйымдастырылды. Мыңдаған ереуілдеуші маусымның он тоғызынан бастап «Бостандық» орталығында наразылық көрсетіп жатыр. Бірінші тамыздан бастап Арменияда 1 киловатт сағат электр қуатының құны 0,015 долларға қымбаттамақ. Сондықтан наразы топ ел Президентінен қоғамдық қызметті реттеу комиссиясының шешімін жоққа шығаруды талап етуде. Қазіргі уақытта полиция Президент әкімшілігінің ғимаратының жанына суатқыштарды қойып жатыр. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ереуілдеушілерге күш қолдануға құқылы екенін ресми мәлімдеген болатын.

Берік ХАСЕНОВ