Русский Сайттың толық нұсқасы

Грекия халықаралық кредиторлар үштігінің ұсынысына келісті

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1346

 Грекия халықаралық кредиторлардың көмекті ұзарту бойынша ұсынысына келісті. Бұл жайында, Брюссельде өткен Еуро самиттің кезектен тыс жиыны қорытындысы бойынша Рейтерс агенттігі жазды. Осылайша Грекия Еуроаймақта қалып, Еуропалық одақтан қаржылай ұсыныс алып отыр. Алайда, екінші жағынан, тәуекелге бас тігіп, мемелекет ішінде әлеуметтік шиеленісті сақтауға мәжбүр. Айта өтейік, саммит отырысы жалғасып жатқанда, Афина тұрғындары наразылық шараларын тыймады. Олар Үкіметтен еуроаймақта қалуды талап етуде. Айтуларынша, драхмаға қайта оралса, Грекия экономикасы мүлдем күйрейді. Қазірдің өзінде де ел экономикасының жағдайы мәз емес. Жұмыссыздық деңгейі артып, әлеуметтік төлемдер қысқартылып жатыр. Грекияның халықаралық кредиторлар үштігінің алдында қордаланған қарызы болса, 300 миллиард долларға жетіп қалды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА