Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция Еревандағы ереуілді күшпен таратуға кірісті

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 989

Армения полицейлері Еревандағы жаппай ереуілді күшпен таратуға кірісті. Олар шаһар орталығындағы Маршал Баграмян даңғылында наразылыққа шыққан адамдарға қарсы су шашатын көліктерді қолданып, ығыстырды. Осылайша, өз құқығын талап еткендерді санаулы сағаттарда таратып жіберуге барын салды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еске салсақ, наразылық акциясын электр энергиясының жаңа тарифіне қарсы шыққандар ұйымдастырды. Мыңдаған ереуілдеуші маусымның он тоғызынан бастап «Бостандық» орталығында наразылық көрсетіп шерулетеп жатыр. Бірінші тамыздан бастап Арменияда 1 киловатт сағат электр қуатының құны 0,015 долларға қымбаттамақ. Сондықтан наразы топ ел президентінен қоғамдық қызметті реттеу комиссиясының шешімін жоққа шығаруды талап етуде. Президент әкімшілігі ғимаратының жанына суатқыштарды қойған тәртіп сақшылары ереуілдеушілерге күш қолдануға құқылы екенін ресми мәлімдеген болатын. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА