Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәкістанда 600 адам аптап ыстықтың құрбаны болды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1026

Пәкістанда аптап ыстықтың құрбандары түс ауа 600 адамға жетті. Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқандардың саны 400 адам деп хабарлаған-тын. Елдегі  ірі шаһардың бірі Карачиде өткен сенбі ең ыстық күн ретінде тіркелді. Сынап бағаналары +45 градусқа жетті. Кей жерлерде термометр бағамы 48 градусты көрсетті. Синоптиктердің болжамы бойынша, аптап әлі екі күндей +42 градус деңгейінде сақталады.

Көптеген ауруханаларда төтенше жағдай жарияланды. Билік демалысқа кеткен дәрігерлерді жұмысқа қайтарып алып жатыр. Әскерилер жедел әрекет ету орталықтарын ашып, күнге күйгендерге алғашқы жәрдем көрсетуде. Аномалды ыстық Пәкістанның оңтүстік аймақтарына ораза айымен тұспа тұс келіп отыр. Елде ауыз бекітуші қауым аз емес. Электр энегриясының жиі-жиі сөнуі де ахуалды қиындатып тұр.

Барлығына тек үкімет кінәлі. Үйлер электр қуатынан ажыратылған. Дүкендерде мұз жоқ. Адамдар, әсіресе қариялар, шыдамай жатыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА