Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1079

«Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады», - деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұртай Әбіқаев Мемлекет басшысына қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жайын баяндады.

Сондай-ақ, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды. Өз кезегінде Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА