Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы Лесхоз шағын ауданында жай түсу салдарынан екі қабатты тұрғын үй өртенді

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 1512

Атырауда екі қабатты тұрғын үйге жай түсіп, салдарынан баспана өртке оранды. Қазақпарат дерегінше, оқиға кеше кешкісін қаладағы Лесхоз шағын ауданында орын алды. Бұл кезде үй ішінде үш ер адам және нәресте болған. Кенет қатты дүрсіл естіліп, үй қозғалып кетеді. Абдырап қалған үй иесі есік алдына шыққан сәтте, екінші қабаттың шатыры жана бастағанын көрген. Оның айтуынша, нөсерлетіп жауған жауынға қарамастан үйдің екінші қабаты өртеніп кеткен. Ең бастысы зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 бірдей өрт сөндіру көлігі жетті. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері мен газ тарату мекемесі мамандары жұмыс істеуде.

Самат ҚАНАҒАТОВ