Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында киік атқан браконьерлер көбейіп барады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 1193

Батыс Қазақстан облысында киік атқан браконьерлер көбейіп барады. Бұл туралы облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясы дабыл қақты. Бетпақ дала мен Үстіртті мекендеген киіктің жаппай қырылғаны аздай, дала еркесіне енді браконьерлер де көз алартып отыр. Облыстың Казталов ауданына қарасты Көктерек елдімекенінде ақ бөкенді заңсыз аулағандар туралы дерек тіркелді. «Қызыл кітапқа» енген киелі жануардың төртеуін жайратқан браконьер, өз олжасын қарауындағы малшысына беріпті. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Талғат Ілиясов, БҚО Орман және аң шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

Былтырғы жылы 4 заңсыз киік ату фактісі тіркелген болса, биылғы жарты жылдың өзінде 5 факты тіркеліп отыр. Барлық киіктің заңсыз аулану фактілерінің барлығы Казталов ауданының аумағында, яғни, киіктің ең көп шоғырланған жерінен тіркеліп отыр.

Еркін КАРИН