Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Француздардың телефон әңгімелерін тыңдаған

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 1138

Франсуа Олланд қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын ашты. Жиында құпия ақпаратты жария ететін халықаралық Wikileaks ұйымының соңғы мәлімдемесі көтерілді. Белгілі болғандай, Құрама штаттардың ұлттық қауіпсіздік агенттігі 6 жыл бойы Франция лидерлерінің телефон әңгімелерін тыңдаған. Тыңшылар аңдыған президенттер қатарында Жак Ширак, Николя Саркози және Франсуа Олланд бар. Бұны растайтын мәліметтер Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің 5 құпия баяндамасында сақтаулы. Құжаттар АҚШ-тың барлау қоғамдастығы үшін дайындалған-мыс. Дей тұрғанмен, Ақүй бұл ақпаратты барынша жоққа шығарып жатыр. Вашингтон ресми Париж сияқты «таптырмас серіктесіне» опасыздық жасауға батылы бармайды, - дейді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Нед Прайс. Айтуынша, АҚШ арнайы қызметі Президент Олландты нысанаға алған емес. Дегенмен, Францияның өзге басшыларына тыңшылық жасалғандығы жөнінде Нед Прайс нақты жауап бермеді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА