Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық ардагер жергілікті биліктен көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 839

Жеңіс күні өтті, уәде де ұмтылды. Сәуір айында қостанайлық соғыс ардагері Александра Боронина жайлы жаңалықтарымызда айтқан едік. Зейнеткер жергілікті биліктен көмек сұраған. Қол арбаға таңылған жалғызбасты қария көпқабатты үйде тұрады. Арнайы баспалдақ болмағандықтан, оның далаға шығуы мұң. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қалалық билік өкілдері қарияны аптасына екі рет серуенге шығарып тұруға уәде берген еді. Тіпті әлеуметтік жұмыскер бөлу мәселесі шешілетінін хабарлаған. 

Сәлімжан Досымов, Қостанай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары:

Біздің кәсіподақ комитеті бар ғой, бастығы Балбөпе Ертаева дейтін. Сол кісімен сөйлестік. Ол айтты, жеті сайын ардагерді далаға саяжайға шығарады 1-2 сағатқа, бізде қарап көмек жасаймыз.

Алайда Александра Боронина бүгін арнамызға атқамінерлердің сол уәдені орындамай отырғанын айтты. 9 мамыр күні әлеуметтік қызмет мамандары оны мерекелік шеруге бір рет апарған. Ардагердің әлеуметтік қызмет мамандарын күтіп жүргеніне бір жарым ай болды. 

Александра Боронина,  Ұлы Отан соғысының ардагері:

Жеңіс күні парадқа қатысып қайттым. Таза ауа жұтып, жаным жайбарақаттанып қалып еді. Енді олар уәде берген соң, аптасына бір рет далаға шығып тұрамын ғой деп ойладым. Бірақ ешкім келіп, хал-жағдайымды сұраған жоқ. Тым болмаса қоңырау шалып, хабарласуға болады ғой.