Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі мың қызылордалық отбасы 2015 жылы қоныс тойын тойлайды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 835

Қызылордадағы тұрғын үй құрылысы бүгін өңірде ашылған Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында өткен алғашқы баспасөз маслихатында сөз болды. Облыс және қала басшыларының өкілдері «Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын баяндады.

Осы жылдың аяғына дейін Қызылорда да 28 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылмақ. Шамамен 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.

Нұржан Әлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Инфрақұрылымға жалпы облыс бойынша 2,8 миллиард қаржы бөлініп отыр. Ол 2015-2016-2017 жылы берілетін «Тұрғын үй бағдарламасы» бойынша. Қосымша қазіргі таңда осы алдымыздағы шілде айында облыс маслихат депутаттарына ұсыныс беріп отырмыз 850 миллион теңгеге. Соның барлығы толық қамтамасыз етіледі. Біз өзімізге алған міндеттердің барлығын бітіреміз.

Шарипа САҚТАПОВА