Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіби мереке қарсаңында «Астана» арнасының қызметкерлері министр қолынан марапат алды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 897

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, сала министрі Әсет Исекешев бірқатар журналистерге «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды.

Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде елімізде «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. «Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингіне сәйкес, Қазақстандағы байланыс саласындағы ақпараттың дамуы алдыңғы қатарда. Ал интернет, мобильді байланыс бағасы жылдан жылға төмендеп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан байланыс тарифі бойынша әлемде он жетінші, ал интернет тарифі бойынша сегізінші орында», - деді ол.

Мереке қарсаңында «Астана» телеарнасының қызметкерлері де төсбелгі тағынды. «Жаңалықтар» қызметінің жауапты редакторы Базаркүл Отыншиева, Арнайы жобалар бөлімінің басшысы Илхам Ибрагим және арнамыздың бас режиссері Қарлығаш Смағұлова «Ақпарат саласының үздігі» ретінде марапатталды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: 

Сіздер билік пен халықтың арасындағы көпір болып есептелесіздер. Қарапайым халық сіздер арқылы өздерінің шешілмей жатқан мәселелерін билікке жеткізіп, шешеді. Сіздер экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосасыздар. Өйткені қазіргі даму заманында ең қымбат, ең керек - ол мәлімет. Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен Үкімет атынан құттықтаймын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ